МЕН -ҚАЗАҚПЫН!!!
Қонағына қымыз,шұбат құятын,
Артық көрген,ар-намысын ұятын.
Тәрбиелеп имандылық жолына,
Бойжеткенін қырық үйден тыятын
Сен ойнама,жылқы мінез халықпыз.
Азиядан пайда болған жарықпыз.
Біз қазақтар жер бетіне шашылып,
Он жеті милион адамменен қалыппыз.
Біз-Қазақпыз.Жоңғарларды қашырған.
Қуып-қуып жеті қырдан асырған.
Қанша соғыс көрсек тағы жоғалмай,
Аман-сау боп жеттік сонау ғасырдан.
Ұлан-ғайыр,даласы мен жері бар.
Тарихы мен шежіресі,тегі бар.
Дос болатын ойың болса еліммен,
Сен Қазақтың жүрген жолын көріп ал.
Қазағым ұлы ержүрек ел емеспе?
Батырымыз айта берсек көп емес пе?
Ашуына тигенмен айқасады,
Есің болса еліммен ерегеспе.
Құшақ жайып, бәрін көрген досындай,
Қонақ десе қалмас бірақ тосылмай.
Жүз мың азап көрген тарих жолында,
Біздің қазақ осындайда осындай.
Шабады шабыт келсе ақтабаның,
Елімнен бесенелі бақ табамын.
Қазақ боп туғаныма қуанамын,
Қазақ боп жүргеніме мақтанамын.
Авторы: Бисенов Батырхан